фото: https://www.istockphoto.com
Еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашынды болады.
Солтүстік және шығыс өңірлерде қалың қар түседі. Оңтүстік облыстарда жаңбыр жауады.
Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болып, тұман басады.
Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады.
Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17–25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0–8 градус аязға дейін төмендейді.
23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады. Кей жерлерде 25–37 градусқа дейін аяз күтіледі.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через