фото: pixabay.com
Консультативтік синоптикалық болжамға сәйкес, 2026 жылғы ақпан айы жылырақ болып, жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде боладығ деп жазды Kazinform.
Еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1–2° жоғары, ал оңтүстік-шығысында нормаға жуық болады.
Жауын-шашын республиканың көп бөлігінде климаттық норма шамасында, ал солтүстік-батыс бөлігінде, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы және тау бөктері өңірлерінде нормадан көп болуы мүмкін.
Бірінші онкүндікте температуралық фон:
Республиканың батысында, солтүстік-батысында (Ақтөбе облысы) түнде ауа температурасы 23–28° аязға дейін төмендейді, күндіз 15–23° аяз болады. Онкүндіктің соңында аяз бәсеңдеп, түнде 10–20° аяз, күндіз 0…-8° аяз болады.
Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі температура қысқа уақытқа 15–25° аяздан 2–10° аязға дейін жоғарылайды, күндіз 5–13° аяздан +4…-1° аралығына дейін жылынады. Онкүндіктің соңында температура қайта төмендеп, түнде 18–28° аязға, күндіз 13–20° аязға дейін жетеді.
Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі температура 5° аяздан +5° жылыға дейін, кейін 3–11° аязға дейін ауытқиды (Қызылорда облысының солтүстігінде 18° аязға дейін).
Күндіз температура +3…+10°-тан +8…+17°-қа дейін көтеріледі, кейін 0…+8°-қа дейін төмендейді.
Жалпы ақпан айында батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста ең қатты аяз бірінші және екінші онкүндіктерде болады: түнде 21–30° аязға дейін, шығыстың таулы аймақтарында 35° аязға дейін, күндіз 13–20° аяз болады.
Бірінші онкүндіктің ортасында (батыста – басында), сондай-ақ екінші және үшінші онкүндіктердің жекелеген күндерінде күндіз жылымық болуы мүмкін.
Республиканың оңтүстік жартысында ақпан бойы түнгі температура 5° аяздан +5° жылыға дейін, кейде 3–15° аязға дейін ауытқиды, күндіз 0…+10°-тан +8…+17°-қа дейін болады.
Республиканың солтүстік бөлігінде жауын-шашын негізінен қар түрінде, ал оңтүстік-батыста және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен дымқыл қар түрінде түседі. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте боран күтіледі.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через