фото: pixabay.com
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында балаларды әлеуметтік желіге шектеп кіргізу саясаты қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп жазды kaz.inform.kz.
- Шектеу мәселесіне келсек, қазір бірнеше ұсынысты қарастырып жатырмыз, жұмыс тобы құрылды. Балаларды заңға қайшы контенттен қорғау үшін көптеген елде қолданылатын тәсілдер бар. Бұл мәселе ашық, ол қоғаммен, ата-аналармен, педагогикалық қауымдастықтармен және БАҚ-пен бірге талқыланады, - деді ол.
Ведомство басшысы шектеу шарасы үш тәсіл негізінде іске асатынын айтты.
- Алдымен балаларға арналған SIM-карталарды тіркеуді енгізгіміз келеді. Бұл бірінші тәсіл. Екінші тәсіл – 14 жасқа дейінгі балалар заңға қайшы контентті көре алмайтындай тетік енгізу. Үшіншіден, қазір мектепте цифрландыру және медиа сауаттылық пәндері бар. Осы пәндер аясында біз балалардың цифрлық кеңістікте сауатты болуына күш саламыз, - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через