фото: https://pixabay.com/ru
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда балаларды қосымша біліммен қамту деңгейі 90 пайызға жетіп, 3,5 млн баланы құрады. Оның 2,2 млн-ы тегін үйірмелерге қатысқан. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, бір жылда қосымша білім беру ұйымдарының саны 25 пайызға артып, 2 мыңнан асты. Ауылдық жерлерде балаларды қамту үшін 1 000 комьюнити-орталық ашылып, соңғы үш жылда 1 251 орталық 4 200-ден астам баланы қамтыған.
2025 жылдың маусымынан бастап спорт, шығармашылық және қосымша білімді біріктіретін бірыңғай ваучер жүйесі пилоттық режимде іске қосылып, 600 мыңнан астам бала ваучер алған. Жоба бірқатар өңірде жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қоры 141 млн данаға жетіп, оқырман белсенділігі артқан. 1 830 коворкинг-орталық ашылған.
2025–2026 оқу жылында мектептерде «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы енгізіліп, ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істеуде. Нәтижесінде ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы екі есеге артқан.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через