Алдағы күндері –38 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері –38 градусқа дейін аяз болады
фото: pixabay.com

Жаңа Жер аудандарынан Қазақстан аумағына жылжып келе жатқан суық антициклонның ықпалымен алдағы күндері термометр көрсеткіші 30–38 градус аязға дейін төмендейді деп болжанды. Бұл туралы Қазгидромет РМҚ мәлім етті. 

Еліміз аумағына суық антициклон жылжып келеді.

— Күнтізбелік қыстың басталуымен Қазақстан тұрғындарын ауа райы жылы болып қуантты. Жаңа Жер аудандарынан Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Ол республика аумағы арқылы жылдам қозғалып, алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі, — делінген Қазгидромет хабарламсында.

14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30–38 градус аязға дейін төмендейді. 

Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болады: елдің солтүстік жартысында кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.