фото: https://pixabay.com
Бұған дейін Ақтөбеде ас тұзы тапшылығы сезіле бастағаны туралы ақпарат тараған еді
Сауда және интеграция министрлігі Ақтөбеде ас тұзы тапшылығы сезіле бастағаны туралы желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Министрлік өңірде тұз бағасы тұрақты екенін мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, сауда желілерінің сөрелерінде негізінен отандық өндірушілер "Аралтұз" және "Ассоль", сондай-ақ Ресейде өндірілген "Илецкая" тұздарының өнімдері сатылып жатыр.
"Ал "Анвар" және "Дина" сауда желілері басшылығының мәліметінше, биылғы жылдың 3 желтоқсанында олардың қоймаларына әрқайсысы 120 тоннадан бір-бір вагон тұз жеткізілген. Бұл өңірдің орташа айлық қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Келіп түскен өнім бөлшек сауда нысандары арасында таратылып жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.
Бұдан бөлек, жолда тағы да екі вагон (120 тонна) тұз келе жатыр, олар келесі апта келеді. Қазіргі уақытта Ресейде өндірілген тұзды теміржол көлігімен тасымалдауда туындаған қиындықтарға байланысты оның жеткізілімінде кідірістер бар.
Жалпы қолдағы бар қор мен жоспарланған отандық өнім жеткізілімі өңірдің тұзға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Аралтұз" тұзының көтерме бағасы — 85 тг, бөлшек саудадағы бағасы — 97 тг.
"Ассоль" тұзының көтерме бағасы — 54 тг, бөлшек бағасы — 62 тг.
"Илецкая" тұзының көтерме бағасы — 48 тг, бөлшек бағасы — 51 тг.
Соңғы уақытта тұздың бөлшек бағасы өзгерген жоқ.
Өңір халқының тұзға деген жылдық қажеттілігі — 1 390 тонна, орташа айлық қажеттілік — 116 тонна.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через