фото: pixabay.com
Жоқ, Қазақстанда кондуктор жасөспірімді жол ақысын төлемегені үшін автобустан шығара алмайды. Себебі, ересек адамның сүйемелдеуінсіз жүрген 16 жасқа толмаған балаларды күштеп алып кетуге тыйым салу туралы заң 2024 жылдың шілдесінен бастап күшіне енді.
Жүргізушіге бұл бұзушылық үшін айыппұл салынуы мүмкін, бірақ билетсіз жүру, сондай-ақ төлемеу әрекеті әлі де айыппұлмен жазаланады.
Кәмелетке толмағандар жол ақысын төлеуге міндетті. Жолкіресін төлемеген адамға, мейлі ол кәмелет жасына толмаған жасөспірім болсын, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 622-бабына сәйкес айыппұл салынады.
Жақында ғана мынадай оөқиға болды. Семей қаласында интернет байланысының жоқтығына байланысты ақша төлей алмаған баланы автобустан түсіріп жіберген кондуктор жауапқа тартылды, деп жазды kaz.inform.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған факті бойынша тексеріс жүргізді.
— Белгілі болғандай, № 22 автобусқа отырған кәмелеттік жасқа толмаған бала интернет байланысының жоқтығына байланысты жолақысын уақтылы төлей алмаған. Алайда байланыстың қалпына келуін күте тұруды сұрағанына қарамастан кондуктор оны автобустан шығуын талап етіп, қараңғы уақытта мәжбүрлі түрде түсіріп жіберген, — делінген ақпаратта.
Осылайша, оқушы ата-анасының немесе заңды өкілдерінсіз көшеде жалғыз қалып қойған.
— Кондуктор кәмелетке толмаған жолаушыны қоғамдық көліктен күшпен түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл құқықбұзушылық үшін 5 АЕК (19 910 теңге) айыппұл қарастырылған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тасымалдаушы компания басшылығымен заң талаптарын сақтау және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, — делінген ақпаратта.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через