Алматы метросын Алатауға дейін ұзарту: жаңа мәлімет айтылды

Алматы метросын Алатауға дейін ұзарту: жаңа мәлімет айтылды
фото: https://www.istockphoto.com

       Алматы метросының жаңа тармағы Алматыны Алатау қаласымен байланыстырады. Жоспар бойынша, жасыл желінің екі станциясы Алматы облысындағы Алатау қаласының аумағына өтеді.

       Бұл туралы "Алматыбасжоспар" ҒЗИ-дың бас директоры Асхат Сәдуов мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба екі қаланың өзара тиімді түрде қатар дамуына бағытталған.

       Екі қаланы байланыстыратын жаңа, жасыл метро желісі - құрылысы жоспарланған үшінші кезектегі жоба. Асхат Сәдуов метро қала маңындағы электр пойыздарына қарағанда тиімді екенін атап өтті: оның аялдамалары шектеулі болса, метро қаланың көлік жүйесіне толық кіріктірілген және жүріп-тұруды анағұрлым ыңғайлы етеді.

"Байланыс қажет, өйткені бізге жылдам қатынас керек. Иә, Жетіген станциясынан вокзалға дейінгі жерден электр пойыздарын қосуға болады, бірақ вокзалдың небәрі екі нүктесі ғана бар. Ал метро - жалпы көлік желісінің бір бөлігі", - деді "Алматыбасжоспар" басшысы.

Құрылыс мерзімдері

       Оның айтуынша, жобаны іске асыру әуежай бағытына қарай салынатын желінің техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) аяқталғаннан кейін басталады. Алатау бағыты бойынша құжаттаманы әзірлеу алдын ала есеп бойынша шамамен бір жыл уақыт алады.

"Жалпы, ТЭН шамамен бір жыл алса, онда 2027–2028 жылдары (басталуы мүмкін). Бәрі келесі желі бойынша жинақталатын тәжірибеге байланысты, мерзім жылжуы мүмкін", - деп қосты жетекші.

Алматыны Алатаумен не үшін байланыстыру керек?

       Асхат Сәдуовтың сөзінше, мақсат тек көлік қолжетімділігін арттыру ғана емес, сонымен қатар, өндірістің бір бөлігін және білім беру кампустарын Алатауға көшіру.

"Алатауға қандай пайда әкеле алатынымызды түсінуіміз керек. Университет кампустарын немесе өндірісті сонда шығарып, бізге тән емес жаңа жұмыс орындарын құру арқылы сол жаққа жұмыс орындарын "тартып" апару керек", - деді ол.

https://kaz.tengrinews.kz/