Қазақстандағы ең қауіпті жол учаскелері аталды

Қазақстандағы ең қауіпті жол учаскелері аталды
фото: freepik.com

Қазақстанның көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров елдегі ең қауіпті жол учаскелерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалиақпаровтың айтуынша, елдегі барлық аймақ жолдары туралы толық тізім бар.

"Ең негізгі қауіпті бағыттар – Қарағанды мен Алматы арасындағы жол, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахань трассалары. Ақтөбе облысында да жол апаты жиі болатын учаскелер бар. Бұдан бөлек аймақтар бойынша толық тізім бар. Ол “ҚазАвтоЖол” сайтында жарияланады", – деді ол.

Қазақстан бойынша қауіпті учаскелердің саны 50-ден асады. Қалиақпаровтың айтуынша, барлық өңірде жұмыс жүргізіліп жатыр: жол белгілері орнатылып, ІІМ, ТЖМ қызметкерлері ерекше бақылау жасап отыр.

Дерек көзі: https://stan.kz