фото: pixabay.com
Вашингтон мен Калифорния университетінің халықаралық ғалымдар тобы миды альцгеймер, паркинсон және басқа нейродегенеративті аурулардың әсерінен қорғануға көмектесетін жаңа рибонуклеин қышқылы (РНҚ) молекуласын тапты, деп жазды kaz.inform.kz.
Report агенттігінің хабарлауынша, зерттеу Molecular Psychiatry журналында жарияланды.
— Біз Альцгеймер ауруы, фронтотемпоральды деменция және басқа патологиялары бар науқастардың миында деңгейі күрт төмендейтін FAM151B-DT ұзақ кодталмаған рибонуклеин қышқылы туралы айтып отырмыз, — делінген ақпаратта.
Ғалымдар рибонуклеин қышқылы ақуыз тепе-теңдігін реттеуге қатысатынын анықтады. Зерттеушілер FAM151B-DT-ны жасанды түрде ажыратқанда жасушалар өзін-өзі тазарту қабілетін жоғалтқан. Яғни, аутофагия (жасушалар жаңаруының табиғи процесі) бұзылып, улы ақуыз шоғырлары тезірек жинала бастады. Керісінше, рибонуклеин қышқылы белсенділігін арттыру жасушалық өзін-өзі тазарту механизмдерін белсендіріп, зақымдалған ақуыздардың мөлшерін азайтты.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды. /
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через