фото: pixabay.com
Түркияға жұмыс істеуге баратын Қазақстан азаматтарына бірқатар жеңілдік жасалатын болды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабалайды.
Бұған дейін түркітілдес шетелдіктерді жұмысқа орналастыру мәселесі үкімет пен тиісті министрліктердің құзырында болатын. Енді бұл функция тікелей Түркия президентіне берілді. Барлық шешімдер Ердоғанның жарлығымен рәсімделеді.
Осылайша мемлекет басшысы Түркияда қандай түркі халықтары ресми түрде жұмыс істей алатынын анықтауға айрықша құқық алды.
Түркияның түркітілдес шетелдіктердің жұмыс істеу тәртібі туралы заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, енді бауырлас елдерден барған азаматтар жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бұрынғыдай көп құжат жинап әуре болмайды. Оларға тек жекеменшік емес мемлекеттік секторда да жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Ол үшін жұмыс істеуге барған адамда өзінің түркітілдес елдің азаматы екенін анықтайтын куәлік пен Түркияда уақытша тұруға мүмкіндік беретін жеке куәлігі болуы қажет.

Фото: pixabay.com.
Бұдан бөлек білімі мен мамандығын растайтын құжаттар да талап етіледі.
Рұқсат алудың шарттары
Түркияда заңды түрде жұмыс істеу үшін түркі тілдес елдер азаматтары бірқатар талапқа сай болуы керек:
- тұруға жарамды рұқсаттың болуы;
- кәсіби біліктілігі мен білімін түрік билігі мойындаған ресми құжаттармен дәлелдеу;
- ұлттық қауіпсіздік себептеріне байланысты шектеулердің болмауы;
- шетелдіктер үшін арнайы деректер базасында тіркелу;
- қажет болған жағдайда кәсіптік бірлестіктердің мүшесі болуға.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через