фото: pexels.com
Қырғызстан әскери қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін жарғылық ережелерді бұзғаны үшін жазаны күшейтпекші, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Елдің әскери бөлімдері мен құрылымдарында әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін жарғылық нормаларды бұзу фактілері сақталып отырғаны, бұл жеке құрамның моральдық рухына, тәртіпке, құқықтық тәртіпке кері әсерін тигізетіні аталып өтті.
Фото: Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі.
Заң жобасында әскери қызметкерлерді қамауға алудың ең ұзақ мерзімін 5 күннен 10 тәулікке дейін ұлғайту ұсынылып отыр. Сонымен қатар, әскерге шақырылушыларға қатысты өкілеттіктерін асыра пайдаланған жағдайда қылмыстық істерді босатпайтын негіздер бойынша қысқарту мүмкіндігін жою ұсынылды.
Бұл шара жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз етеді, оларды қорғаудың қосымша құқықтық кепілдіктерін жасайды, командирлер мен бастықтардың өкілеттігін асыра пайдалануына жол бермеуге көмектеседі.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через