фото: pexels.com
«Қайрат» футбол клубының бас бапкері командасының Чемпиондар лигасында «Реалдан» ірі есеппен жеңілгенінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Уразбахтин екі команданың деңгейі екі бөлек екенін айтты. Ол өз кезегінде «Реал Мадрид» Еуропаның ең үздік клубы деп танылса, «Қайрат» 100-дікке кірмейтінін атап өтті.
— Біздің құрамның құны — 12 миллион еуро, «Реал Мадрид» командасының құны — 1,4 миллиард еуро. Олардың бір ойыншысы бүкіл лигамыздың құнымен бірдей. Біз қай жерде тұрғанымызды түсінеміз. Иә, жеңілу көңіл көншітпейді, бірақ біз Мбаппеге қалай төтеп бере аламыз?! Дегенмен, «Реал» сияқты клубтармен бәсекелестік арқылы біз тек ойынымызды жақсарта аламыз. Біздің футболшалар үздік қарсыластармен ойнағанның пайдасын көреді. Біз осындай жеңілістер арқылы күшейеміз. Ендігі мақсатымыз — еуропалық додалардың негізгі кезеңдеріне мүмкіндігінше жиірек жолдама алу, осылайша мұндай суперклубтар жыл сайын осында келе алады. Қазақстанда мұндай ойындар көп болған сайын еліміз бен футболымыз соғұрлым көп пайдаға кенеледі, - деді Рафаэль Уразбахтин.
Фото: Альберт Ахметов / Kazinform
Айта кету керек, Қайраттың ойынында гол соғатын сәттер де болды, оны тіпті Испания құрамасының бас бапкері Хаби Алонсо да атап өтті.
— Бес минутта үш гол жіберіп алмағанымызға қазірдің өзінде қуаныштымын. Біз ұйымшыл болып көрінуге тырыстық, ұрымтал сәттер де болды. Қарсыластың жоғары деңгейде екенін айтудың өзі артық. Олар өте жылдам әрі мадридтік ойыншылардың техникалары жоғары. Біз ешқашан мұндай жылдамдықпен ойнаған емеспіз, — деп түсіндірді Уразбахтин.
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо Алматыда «Қайрат» футбол клубын 5:0 есебімен жеңгеннен кейін ойын туралы қысқаша пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Фото: Альберт Ахметов/ Kazinform.
Алонсо алматылық клуб Чемпиондар лигасында лайықты ойнайтынын айтты.
— Біз Чемпиондар лигасының ойыны алматылықтар үшін қаншалықты маңызды екенін көрдік. «Қайрат» кездесудің басында өте жақсы ойнады. Ал, біз керісінше бұл алаңда өзімізді жайсыз сезіндік және алғашқы минуттарда командалық ойын көрсете алмадық. Бірақ пенальтиден кейін менің командам жақсы ойнай бастады. Жалпы мен «Қайрат» футболшыларының жанкештілігіне риза болдым, - деді Хаби Алонсо.
Бас бапкер командасымен бірге Алматыны аралап үлгермегенін, алайда Алматы тауларына барғысы келетінін жасырмады.
— Бұл жерде атмосфера керемет болды деп айта аламын. «Қайрат» командасына, Алматыға және Қазақстан мемлекетіне бар жақсылықты тілеймін. Бүгін басты мақсатымызды орындап, жеңіске қол жеткіздік. Неғұрлым көп гол соқсақ, соғұрлым жақсы болатынын білдік, - деді Хаби Алонсо.
Бұл ретте «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо «Қайраттың» бірде-бір ойыншысын ерекше атап өткен жоқ.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через