фото: www.bbc.com/Reuters
Пол Бия Камерунды 1982 жылдан бері басқарып келеді
Әлемнің ең қарт президенті – Камерунның 92 жастағы басшысы Поль Бийя сайлауда жеңіске жетті. Осылайша ол африкалық елді тағы 7 жыл, яғни 100 жасқа таяғанша басқармақ. Соңғы мәліметке қарағанда, Бийяға электораттың 53,66 пайызы дауыс берген, деп жазды qazaqstan.tv.
Пол Бия Камерунды 1982 жылдан бері басқарып келеді. Бұл оның сегізінші мерзімі болады.
Сайлау 12 қазанда өтті, бірақ Конституциялық сот 15 күннен кейін дүйсенбіде ресми түрде нәтижелерді жариялады. Сайлау комиссиясы дауыс беру тыныш өткенін хабарлады.
Сайлау науқаны кезінде Бия тек бір ғана халықпен кездесу өткізді. Ол науқанның он күнін Еуропада өткізді, кәрі құрлыққа жеке сапармен боарып қайтқан.
Ал оның қарсыласы – оппозиция лидері Исса Чирома Бакариді қолдағандар – 35 пайыз.
Чирома да өзін жеңімпаз деп жариялады. Оның жақтастары көшеге шығып, полициямен қақтығысты.
Алайда билік өкілдері сайлауда заңсыздықтарға жол берілді деген ақпаратты жоққа шығарып, оппозиция уәжімен келіспей отыр.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через