Алматыда тәжікстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда тәжікстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді
фото: сайт акимата г.Астаны

Жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда байланыстарын дамытуға, фермерлерді қолдауға және тұрғындарды жаңа өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

40 фермер 200 тоннадан астам мынадай жаңа өнім әкеледі:

маусымдық жемістер мен көкөністер;

табиғи кептірілген жемістер;

шығыс тәттілері.

Барлығын өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алуға болады.

"Жәрмеңкенің өтетін орны: "Алатау" театрының алдындағы тұрақ (Момышұлы – Универсиадная көшелерінің қиылысы)", – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

ҚазАқпарат