фото: pixabay.com
Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шарасына 16 149 адам қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың ішінде 60 елден келген 1 383 шетелдік желаяқ бар.
Бұл марафонның 14 жылдық тарихындағы жаңа рекорд.
Қатысушылардың басым бөлігі –алматылықтар (14 785 адам). Дегенмен жыл сайын өзге өңірлер мен шетелден келетін спортшылардың үлесі артып келеді. Шетелден келіп қатысқан үздік үштік: Ресей (513 адам), Қырғызстан (180 адам), Қытай (142 адам).
«Бірінші болу – батылдық» қорының мәліметінше, марафон экономикаға серпін береді: қонақтардың 79%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр.
Almaty Marathon өткізілген жылдар ішінде серіктестердің салық түсімі шамамен үш есеге жуық өсті. Қалада жаңа шағын және орта бизнес нысандары ашылып, жұмыс орындары құрылды.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через