фото: Pixabay
Қытайдың Гуандун провинциясында өткен айдан бері 7 мыңнан астам адам чикунгунья вирусына шалдықты.
Ауру тараған Фошань қаласында науқастар госпитальдерге бір аптаға жатқызылып, олардың төсегінің үстіне масадан қорғайтын тор құрылды. Айта кетсек, чикунгунья масалардан ғана тарайды. Оны жұқтырғандар безгекке ұшырап, буындары сырқырап, жаңа инфекцияның симптомдары жылдар бойы сақталуы мүмкін.
Дәрігерлерінің сөзінше, пациенттердің бәрі бұл аурудың жеңіл формасына шалдықты. Олардың 95 пайызы жеті күнннің ішінде үйлеріне қайтарылуы ықтимал.
Әзірге, вирустан емдейтін дәрі табылмады.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через