фото: https://pixabay.com/ru/
Еліміздегі консервіленген жеміс-көкөністің 90%-ы импорт
Қазақстанда халық тұтынатын консервіленген жеміс-көкөніс өнімдерінің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы елімізде 29 мың тонна ғана өнім өндірілсе, импорт көлемі 198 мың тоннаға жеткен. Бұл жалпы тұтынудың 90 пайыздан астамын құрайды.
Импортқа тәуелділіктің негізгі себебі – отандық шикізаттың маусымдық сипаты мен консервілердің өзіндік құнының жоғары болуы.
Министрлік аталған саланы дамыту үшін бау-бақша шаруашылығын қолдау, жеміс-көкөніс қоймаларын салу, қайта өңдеу кәсіпорындарына жеңілдетілген несие мен субсидия беру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через