фото: Оңтүстік Кореядағы жалаң аяқ жүруге арналған саябақ | Фото: Alenakhv, Dreamstime.com Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz https://informburo.kz/kaz/kogam/barefooting-zalanaiaq-zuru-alemde-nege-trendke-ainaluda-zane-ol-turaly-ortoped-ne-deidi
"Барефутиң" (barefooting) – күнделікті өмірде аяқ киім кимей, жалаң аяқ жүру тәжірибесі. Бұл мәдениет әсіресе АҚШ, Германия, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония сияқты елдерде танымал бола бастады. Бұл – адам күнделікті өмірде аяқ киімсіз жүруді әдетке айналдырып, өзінің табиғи жүріс мәнерін қалпына келтіруге тырысады дегенді білдіреді.
Табанға еркіндік берсе, не болады?
Сырт көзге байқалмауы мүмкін, бірақ аяқ киіммен жүру мен жалаң аяқ жүрудің айырмашылығы үлкен.
Адам табаны – ерекше құрылым. Онда отыз шақты сүйек, ондаған буын мен сіңір жұмыс істейді. Ұзақ уақыт ауыр әрі табаны қатты аяқ киім кию табан құрылымының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Себебі, табандағы қан айналымы баяулайды, жүру мәнері бұзылады. Әсіресе өкшесін тарсылдатып басып жүру тізеге, белге артық салмақ түсіреді.
Ал жалаңаяқ жүргенде адам әдетте табанның орта бөлігімен немесе ұшымен жүреді, бұл қозғалысты "жұмсартады", буындарға түсетін салмақ азаяды. Табан бұлшықеттері белсенді жұмыс істейді, қан айналымы жақсарады.
Жалаңаяқ жүру бәріне пайдалы ма?
Иә, жалаң аяқ жүрудің артықшылықтары көп. Бірақ, дәрігер ретінде ескертерім, бәріне бірдей пайдалы бола бермейді. Табан невропатиясы бар (бұл қант диабеті бар адамдарда жиі болады) адамдарға, табан терісі өте жұқа, сезімтал адамдарға жалаң аяқ жүру ұсынылмайды. Сонымен қатар суық ауа райында ұзақ уақыт жалаң аяқ жүру салқын тиюге әкелуі мүмкін.
Қазақстанда жалаң аяқ жүруге жағдай бар ма?
Қазақстанда табиғи орта кең болғанымен, инфрақұрылым мен қоғамдық сана әлі дайын емес. Себебі көшедегі тротуарлар қатты жабындымен қапталған, әрі лас болып жатады. Кей жерлерде жалаң аяқ жүру түгілі, қарапайым жаяу жүргінші үшін жағдай жасалмаған.
Сондай-ақ көпшілік жерде жалаңаяқ жүрген адамды орта дұрыс қабылдай алмайды. Оның сыртында климатты да ескеру қажет, себебі әр аймақта ауа райы әртүрлі, солтүстік өңірлерде суық ұзақ уақытқа созылады.
Дегенмен, таза саябақтарда, үй маңындағы көгалды жерлерде немесе жазғы демалыс кезінде жалаңаяқ жүру тәжірибесін бастауға болады.
https://informburo.kz/kaz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через