Игі шараға 600-ге жуық адам қатысты

Игі шараға 600-ге жуық адам қатысты

фото: https://pixabay.com/

Таразда "Таза Қазақстан" аясында 10 мың түп ағаш отырғызылды, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.

Жалпыхалықтық сенбілікке аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев те қатысты.

"Сенбілік аясында "Қызылабад" алқабына 10 мың түп қаратал егілді. Жалпы, биыл бұл аумақта 20 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Игі шараға 600-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында түрлі мекеме қызметкерлері, жастар және қала тұрғындары бар.

Сондай-ақ, "Қарасу-2" каналының бойында тазарту жұмыстары жүргізіліп, аумағы ретке келтірілді. Қала тұрғындары қоқыстарды жинап, қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосты.

Айта кетейік, мұндай игі бастамалар облыстың барлық аудандарында жалғасын тауып, өңірде "Таза Қазақстан" акциясы қарқынды жүзеге асып жатыр, дейді әкімдікте.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться