
фото: сурет видеокадрден алынды
Шымкентте такси көлігін қиратқан әйел қамауға алынды. Оның бұл әрекеті таспаға түсіріліп, әлеуметтік желіні шулатқан еді, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап.
KTK телеарнасының ақпаратынша, спирттік ішімдікке сылқия тойған сылқымның көлікті қолындағы таспен қиратып жатқанын куәгерлер таспаға түсіріп, желіге жариялап жіберген.
Белгілі болғандай, құрбысымен бірге такси шақырған ол салон ішін бүлдіріп, жүргізушінің құсықты тазалауын талап еткені шамына тиген. Сөйтіп, такси тізгіндеген азаматтың бетін тырнап алған ол, автокөліктің мониторын да сындырыпты.
Жүргізуші полиция шақыруға кеткенде даладан тас алып, машинаның терезелерін шаққан. Қазір, жүйкесі жұқарған әйел қамауға алынды. Оған қатысты біреудің мүлкін талқандау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через