
фото: Видеодан скрин
Оқиға балалар мерекесіне орай ұйымдастырылған. 29-шағын ауданда орналасқан балалар киім дүкенінің иесі азық-түлік пен сыйлықтарды тегін таратқан, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Соған байланысты тұрғындар көп жиналып, бір-бірін қысып, тапталып қала жаздаған. Балалар адасып, қоғамдық тәртіп бұзылған.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкер аталған шараны жергілікті атқарушы органға алдын ала хабарламаған.
— Сондықтан дүкен иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-1 бабына сәйкес (қоғамдық іс-шараны хабарламай не келісім алмай өткізу) 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, азаматтардың жаппай қатысуымен өткізілетін кез келген іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық акциялары, азық-түлік пен сыйлықтарды тарату сынды іс-шаралар қоғамдық орындарда өткізілетін жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тиісті елді мекеннің әкімдігімен міндетті түрде алдын ала келісілуі қажет.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через