
фото: pixabay.com
Орал қаласында ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 мамырдан 2-сіне қараған түні көз жұмды.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын жеткізді.

Фото: : instagram.com/krisp.tdk
Орал қаласында 9 жастағы баланы тоқ соғып, аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді. Куәгерлердің айтуынша, көпқабатты тұрғын үй ауласында ойнап жүрген баланың добы электр бағанының сымдарына кептеліп қалған. Ол қосалқы электр стансаның шатырына шығып, допты аламын дегенде, тоқ ұрған.
Денесінің 95%-ын күйік шалған бала ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген еді.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через