
фото: pixabay.com
Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең бай қалалардың рейтингісін жариялады, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Рейтингтің көшбасшысы — Нью-Йорк (АҚШ), онда 384 500 өте бай адам тұрады, олардың 66-ы — миллиардерлер. Бұл адамдардың ең кедейі де кем дегенде 1 миллион долларлық байлыққа ие.
Сан-Франциско екінші орынға Кремний алқабымен бірге шықты. Бұл аймақта 342 000 адам ресми түрде бай немесе миллионер деп саналады, ал миллиардерлер саны — 82, бұл Нью-Йорктен көп.

Фото: pexels.com.
Әлемдегі ең бай 10 қала:
1. Нью-Йорк (миллионерлер — 384 500, миллиардерлер — 66);
2. Сан-Франциско (342 000 / 82);
3. Токио (292 300 / 18);
4. Сингапур (242 400 / 30);
5. Лос-Анджелес (220 600 / 45);
6. Лондон (178 000 / 23);
7. Париж (160 100 / 22);
8. Гонконг (154 900 / 40);
9. Сидней (152 900 / 22);
10. Чикаго (127 100 / 25).
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через