Шымкенттік ана баласына бір бүйрегін берді

Шымкенттік ана баласына бір бүйрегін берді
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio

       Шымкенттік ана баласына бір бүйрегін берді. Қалада 231-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті.

       №1 клиникалық аурухана базасында өткен операцияда 41 жастағы келіншек 21 жастағы ұлына бір бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды.

       Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулықтарында ақау жоқ. 

       “Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады”, – дейді дәрігерлер.

       https://stan.kz/