Шығыс Қазақстанда таудан жолға тас құлады

Шығыс Қазақстанда таудан жолға тас  құлады

фото: https://pixabay.com/

Тас құлаған сәтте жол учаскесінде көліктер болмаған

Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнарлары" республикалық автожолының бір бөлігіне жартастан ірі тастар мен ұсақ жыныстар құлады.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Куәгерлердің айтуынша, тас құлаған сәтте жол учаскесінде көліктер болмаған. Сондықтан зардап шеккендер мен бүлінген автокөліктер жоқ.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, оқиға 15 қарашада жолды патрульдеу кезінде анықталған. Қазіргі уақытта аталған учаскеде көліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысы қамтамасыз етілген. Жолдағы тас пен тау жыныстарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз