Отандық фильм Оңтүстік Кореяда көрсетіледі

Отандық фильм Оңтүстік Кореяда көрсетіледі

фото: https://en.kinorium.com

       Осы аптада отандық киноқоржын екі жаңа туындымен толықты. Оның ішінде KESU экшн-драмасы Оңтүстік Корея кинематографистерімен бірлесіп түсірілген. Қазақстандық актерлер түскен туынды Оңтүстік Корея кинотеатрларында коммерциялық прокатқа шығады. 

       Сонымен қатар кинотеатр репертуарында шетелдік хоррорлар мен шытырман оқиғалы драмалар да бар. Балаларға арналған қызықты сюжетте құрылған мультфильмдер де аз емес. 

Kesu

Жанры: драма, боевик

Ұзақтығы: 113 минут

Ел: Қазақстан, 2026

Режиссер: Даулет Жұмабаев

       Ұстазы жоғалып кеткен соң, қазақстандық таеквондо шебері мен Оңтүстік Корея чемпионы оны іздеп Сеулге аттанады. Алайда іздестіру барысында олар ұстазының өткеніне қатысты қауіпті құпияның бетін ашады.

Бойдақтар кеші: Соңғы түн, (Мальчишник vs Девичник: Соңғы түн)

Жанры: комедия, романтика

Ұзақтығы: 79 минут

Ел: Қазақстан, 2025

Режиссер: Әлібек Абдухалик

Мансұр мен Зере үйлену той алдындағы бойдақтар кешін өткізбек болады. Кешті ұйымдастыруды Берік пен Серіктің ерекше компаниясына тапсырады. Олар келісімшартта кеш соңында қалыңдық пен күйеу жігіттің бір-бірін шынайы болмысымен танитынына кепілдік береді. Алайда жұп келісімшарттың шарттарын толық оқымай, сыйға берілген шампаннан бір ұрттаған соң, денелерімен алмасып кетеді. Осы сәттен бастап екеуін түрлі күлкілі әрі күтпеген оқиға күтіп тұр.

Меланхолия барокко

Жанры: драма, тарих, мелодрама

Ұзақтығы: 110 минут

Ел: Италия, Германия, 2021

       Олег Борецкийдің киноклубы. Қонақ — Мемлекеттік симфониялық оркестрдің бірінші скрипкашысы Александр Тхай. Барокко музыкасы — классикалық өнердің айрықша кезеңі. Гендель, Вивальди мен Бахтың шығармалары XVIII ғасырдың рухын танытып, мұң мен сағыныштан бастап, асқақ қуанышқа дейінгі сезімдерді жеткізеді. Бұл музыкада тылсым сыр мен терең эмоция астасып жатыр.

Жел перзенті, (Дитя ветра)

Жанры: шытырман оқиғалы фэнтези

Ұзақтығы: 93 минут

Ел: Оңтүстік Корея, 2021

Режиссер: Син Чхан Сон

       Ёндын — желдің күшіне ие болған Ёджон қызы. Муган мен Джиме бастаған қарақшылар «Қасиетті жел маржанын» иелену үшін Тамраға шабуыл жасайды. Жергілікті тұрғындар қарсылық көрсеткенімен, қарақшылардың алып роботы «Қызыл Они» қорғанысты бұзады. Осы уақытта аңызға айналған маржанды іздеген экспедиция қарлы таудағы дауылға тап болады. Маржан табылған сәтте қуатты энергия бөлініп, топты алапат дауыл жұтып қояды. Уақыт пен кеңістік бұрмаланған әлемде экспедиция мүшелері екі түрлі жолға түседі.

Қозғалтқыштаршайқасы, (Битва моторов)

Жанры: шытырман оқиғалы драма

Ұзақтығы: 144 минут

Ел: Ресей, 2026

Режиссер: Илья Маланин

       1908 жыл. Автокөлік әуесқойы Андрей Нагель инженер Дмитрий Бондаревпен бірігіп, «Руссо-Балт» көлігін құрастыруға кіріседі. Алайда жобаға қауіп төнгенде, Нагель батыл шешім қабылдайды. Ол көліктің мүмкіндігін дәлелдеу үшін әйгілі Монте-Карло раллиіне қатысады. Бұл қадам жобаның тағдырын шешуі мүмкін.

       https://kaz.inform.kz/




 

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите