Almaty Hub алаңында AI’preneurs бағдарламасының Demo Day шарасы өтті

Almaty Hub алаңында AI’preneurs бағдарламасының Demo Day шарасы өтті

фото: Almaty Hub/Сапалы Қазақстан

AI идеяларынан нақты шешімдерге дейін: 15 стартап AI’preneurs 5 бағдарламасының нәтижелерін таныстырды

 

2026 жылғы 29 қазанда Almaty Hub алаңында AI’preneurs бағдарламасының бесінші легінің Demo Day іс-шарасы өтті. 15 стартап үш айлық жұмыстың қорытындысын ұсынып, жасанды интеллект негізіндегі өнімдерінің жетістіктері мен алдағы даму жоспарларын таныстырды. Бағдарлама Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп жазды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

AI’preneurs бағдарламасының бесінші легіне технологиялық командалар тарапынан үлкен қызығушылық танытылды. Ұйымдастырушыларға 12 елден 572 өтінім түсті. Бұл - бағдарламаның рекордтық көрсеткіші.

Фото: Almaty Hub.

Хэллоуин мерекесі қарсаңында өткен Demo Day ерекше тақырыптық форматта ұйымдастырылды. Almaty Hub кеңістігінде технологиялық жобалардың таныстырылымдары, іскерлік нетворкинг пен мерекелік атмосфера тоғысты. Тақырыптық безендіру мен интерактивті белсенділіктер іс-шараны стартаптарды таныстыру алаңымен қатар, технологиялық қауымдастықтың жарқын кездесуіне айналдырды.

Фото: Almaty Hub.

Үш ай бойы қатысушылар трекерлермен және тәжірибелі сарапшылармен жұмыс істеп, бизнес-гипотезаларын тексерді, өнімдерін жетілдірді, әлеуетті клиенттердің қажеттіліктерін зерттеді, бизнес-модельдерін қалыптастырды және AI шешімдерін нарыққа шығаруды үйренді.

Бағдарламаның бесінші легіне қатысқан стартаптар жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді түрлі салаларда әзірлеуде. Олардың қатарында бөлшек сауда, қаржы секторы мен білім беру саласына арналған AI платформалар, логистика, жарнама, корпоративтік басқару және цифрлық өнімдер жасауға арналған технологиялық шешімдер бар.

«Бүгінде жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамытумен ғана шектелмей, жаңа технологиялық компаниялардың пайда болуына жағдай жасау маңызды. AI’preneurs бағдарламасы дәл осы мақсатқа бағытталған. Оқу барысында қатысушылар командаларға бірігіп, идеядан бастап өздерінің AI өнімдерін әзірлеуге дейінгі жолдан өтті және Demo Day аясында нәтижелерін таныстырды.

Бұл Алматыда AI-кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуеттің жоғары екенін көрсетеді. Біздің міндетіміз - осы әлеуеттің жүзеге асуына көмектесу, яғни перспективалы идеялардың халықаралық нарыққа шығуға қабілетті бәсекеге қабілетті технологиялық өнімдерге айналуына жағдай жасау», - деп атап өтті Аида Дусова, Almaty Hub-тың директоры.

Фото: Almaty Hub.

Roxy: AI шешімінен алғашқы коммерциялық нәтижелерге дейін

Roxy: тәуелсіз ритейлерлердің ірі сауда желісіне айналуына көмектесетін AI

Бесінші лек жобаларының бірі — Roxy, бөлшек сауда саласына арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдер жүйесі.

Тәуелсіз ритейлерлер тауар қорына жүздеген мың доллар инвестициялайды, алайда әр маусым сайын осы қаражаттың үштен біріне дейінгі бөлігін жеңілдіктер есебінен жоғалтады. Себебі олар көбіне нақты деректерге сүйенбей шешім қабылдайды: ақпарат дүкендер, маркетплейстер мен 1С жүйесі арасында шашыраңқы орналасқан.

Roxy бүкіл бизнестің жұмысын нақты уақыт режимінде бақылап, мәселе жеңілдіктерге әкелмей тұрып анықтайды және қандай әрекет жасау керектігін, оның қандай нәтиже беретінін автоматты түрде ұсынады.

Осының арқасында тауарға салынған әрбір доллар 10%-ға көбірек пайда әкеледі. Ал бұрын қоймада жатып қалған қаражат жаңа дүкендер ашуға, басқа қалаларға шығуға және сату арналарын кеңейтуге жұмыс істей бастайды. Roxy жергілікті ритейлерлерге ірі нарық ойыншыларымен бәсекелесе алатын сауда желісіне айналуға көмектеседі.

Фото: Almaty Hub.

Асель Есен бастаған команданың бағдарлама аясындағы нәтижелері:

●              $5 500 көлемінде табыс;

●              Adili, Shoqan Suits, CHIA және Erdem компанияларын қоса алғанда, 4 ақылы клиент;

●              әлеуетті клиенттер базасында шамамен 3 000 компания;

●              Digital Bridge 2026 аясындағы Astana Hub Battle байқауының жартылай финалына өту;

●              Almaty Hub ұйымдастырған Pizza Pitch байқауында Яндекс компаниясының жүлдесін иелену.Екі ай ішінде команда 10–15 гипотезаны тексеріп, олардың бірқатарынан бас тарту арқылы дамудың бастапқы бағытын — тәуелсіз fashion-ритейл желілерін таңдады.

Қазіргі уақытта Roxy командасы Өзбекстан мен Қырғызстан нарықтарына шығу үшін $100 000 көлемінде pre-seed инвестициялық раунд тартуда.

«AI’preneurs маған стартаптар ортасына қайта оралуға және өз орнымда екенімді тағы бір мәрте сезінуге көмектесті. Біз бағдарлама барысында тек білім мен тәжірибе ғана емес, ең қиын сәттерде де алға жылжуға көмектескен қолдауға ие болдық. Ең бастысы - батч аясында мақсаттары мен құндылықтары ортақ, рухы жақын адамдарды кездестірдім», - деді Roxy стартапының негізін қалаушылардың бірі әрі CEO-сы Асель Есен.

Mentum Guru: идеядан қосымшаны іске қосуға дейін

Mentum Guru жобасының негізін қалаушы Геннадий Захаров үшін AI’preneurs бағдарламасына қатысу өнімді дамытуға назар аударуға, гипотезаларды нақты пайдаланушыларда тексеруге және сатылым бағытында тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.

Бағдарламаға қатысқан үш ай ішінде ол App Store дүкенінде өзінің мобильді қосымшасын іске қосты. Қосымша өңірлік рейтингте үздік 100 қосымшаның қатарына енді. Геннадий бұл нәтижеге жетуде Almaty Hub трекерлерінің кәсіби қолдауы мен сараптамалық көмегі маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

«Бағдарлама өнімді дамытуға назар аударуға, гипотезаларды нақты пайдаланушыларда тексеруге және сатылым жасаудан қорықпауға көмектесті. Үш ай ішінде мен App Store дүкенінде өз қосымшамды іске қосып, оның өңірлік рейтингте үздік 100 қосымшаның қатарына енуіне қол жеткіздім. Бұл нәтижеге Almaty Hub трекерлерінің қолдауы мен кәсіби тәжірибесінің арқасында жеттім. Олар өз күшіме сеніп, алға қарай нық қадам басуыма көмектесті», - деді Mentum Guru жобасының негізін қалаушы Геннадий Захаров.

Фото: Almaty Hub.

Sara: кәсіпкерлік идеядан өз командасын құруға дейін

Бағдарлама аясында таныстырылған тағы бір жоба - Sara. Бұл - Қазақстандағы OpenAI жүйесімен үйлесімді алғашқы Serverless LLM платформасы. Жоба үлкен тілдік модельдерді дамытуға және пайдалануға бағытталған.

Жобаның негізін қалаушы Азамат Күздібаев үшін AI’preneurs бағдарламасына қатысу жеке кәсіпкерлік жобасын дамытудағы маңызды бастама болды. Бағдарламаға дейін оның стартап құру идеясы болғанымен, бизнесті неден бастап, қалай дамыту керектігі жөнінде нақты түсінігі болмаған.

Акселерация барысында Азамат өзіне кофаундер тапты. Қазір олар жобаны бірге дамытып жатыр. Сонымен қатар ол білім беру курстарын іске қосып, жеке консультациялар сатуды бастап көрді. Команда өз шешімін әлеуетті тапсырыс берушілерге таныстырып, қазіргі уақытта министрліктер, квазимемлекеттік сектор, әкімдік және университеттер өкілдерімен келіссөздер жүргізуде.

«AI’preneurs бағдарламасына дейін өз стартапымды құруды армандайтынмын, бірақ идеяны нақты бизнеске қалай айналдыру керектігін білмедім. Бағдарламаның мен үшін ең маңызды нәтижелерінің бірі - өзіме кофаундер тауып, енді жобаны бірге дамыту мүмкіндігі болды.

Трекерлермен жұмыс істеу қалыптасқан ойлау шеңберінен шығуға, жобаны дамыту тәсілін қайта қарауға және бастапқыда күрделі немесе тіпті мүмкін емес болып көрінген міндеттердің де орындалатынына сенуге көмектесті. AI’preneurs мен үшін арманымды кейінге қалдырмай, нақты әрекетке көшуге мүмкіндік берген маңызды бастама болды», - деді Sara жобасының негізін қалаушы Азамат Күздібаев.

Фото: Almaty Hub.

Келесі кезең — ауқымды дамыту

AI’preneurs бағдарламасының бесінші легінің нәтижелері технологиялық стартапты дамыту үшін мықты идея мен технологиялық шешімнің болуы ғана жеткіліксіз екенін көрсетеді. Нарықты түсіну, клиенттермен жұмыс істеу, гипотезаларды тексеру және әзірлемелерді сұранысқа ие өнімдерге айналдыру да маңызды рөл атқарады.

Бір командалар үшін бағдарламаға қатысу мобильді қосымшаны іске қосып, алғашқы пайдаланушыларды тартуға мүмкіндік берсе, енді біреулері кофаундер тауып, команда құрып, бизнес-модельдерін тексеріп немесе алғашқы әлеуетті тапсырыс берушілермен байланыс орнатты.

Фото: Almaty Hub.

Demo Day стартаптар үшін инвесторлармен, сарапшылармен және технологиялық қауымдастық өкілдерімен танысуға, өз шешімдерінің әлеуетін көрсетуге, серіктестер табуға және бизнесті ауқымды дамытуға бағытталған келесі қадамдарды жасауға мүмкіндік берді. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан AI’preneurs бағдарламасы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға, инновациялық ортаны қалыптастыруға және Алматының Орталық Азиядағы жасанды интеллект пен стартап-экожүйесін дамыту орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите