Алматы тұрғындарын цифрлық қауіпсіздік мәселесіне арналған кездесуге шақырады
23 қазанда сағат 10:00-де Almaty Hub алаңында цифрлық гигиена, киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселесіне арналған кездесу өтеді, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. Іс-шараны Almaty Hub пен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырады.
Қалалық Цифрландыру басқармасының мәліметінше, кездесуге қатысушыларға қазіргі цифрлық қауіп-қатерлер, жеке ақпаратты қорғау жолдары және интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы айтылады. Сондай-ақ, сарапшылар цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану бойынша тәжірибелік кеңес береді.
Кездесуде Red Team жобасының менеджері Айдын Қожамияров, Kaspersky компаниясының Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолия елдеріндегі мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі жетекшісі Әсет Қасымұлы Ордабаев және MSSP.GLOBAL компаниясының Citizensec.kz жобасының жетекшісі Гүлдана Жұматай спикер ретінде сөз сөйлейді.
Іс-шараны Almaty Hub пен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырады.
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет: https://dearly-homelike-bagpipe.tilda.ws