Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтетін Tech Mahindra Global Chess League турнирінде бақ сынайды. Ол халықаралық шеберлер бас қосқан FYERS American Gambits командасының сапында өнер көрсетеді.
Бибісара командаластарымен бірге жарыс формасын таныстырып, дайындық барысынан суреттерін әлеуметтік желіге жариялаған. Шахматшы Үндістандағы уақыт белдеуіне бейімделу оңай болмай жатқанын да бөлісті.
Беделді командалық турнир 5-13 қыркүйек аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің мықты шахматшылары жиналып, алты команда өзара бақ сынайды.
Ал бәсекенің жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары. Қазақстандық шахмат жанкүйерлері үшін Бибісараның бұл додадағы ойыны да назарда болмақ.