Қазақстанда мектеп медицинасын цифрландыру күшейтіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі балалардың профилактикалық тексеруін жаңартып, ауруларды ерте анықтауға басымдық бермек.
Балаларды тексеру кезінде алғаш рет заманауи диагностикалық құрылғылар қолданылады. Олардың қатарында ЭКГ аппараттары, пульсоксиметрлер, отоскоптар және ауыз қуысыішілік камералар бар.
“2025 жылы құрылған Балалардың цифрлық тіркелімі 54 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында профилактикалық тексеру, қауіп факторларын анықтау, медициналық маршрутты қалыптастыру, бейінді маманға жолдау және динамикалық бақылау бар”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау аяқталды. Бұл оқушылардың оқу орны мен тіркелген жері, профилактикалық тексерулер, вакцинациялау және денсаулық топтары туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
https://stan.kz/