Қазақстандық кейбір студенттер жатақханада тұру шығынынының өтемі үшін жылына 100 050 теңгеге дейін ала алады. Бұл туралы жаңалықты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram-арнасында жариялады.
Төлемді кімдер ала алады?
Өтемақы студенттердің бірнеше санатына қарастырылған. Оған үміткер бола алатындар:
- жетім балалар;
- I және II топтағы мүгедектігі бар студенттер;
- бала кезінен мүгедектігі бар студенттер.
Өтемақы бірінші курс студенттеріне ғана қолжетімді емес
Жарияланымға сәйкес, қолдау тек бірінші курс студенттерімен шектелмейді. Аталған санаттағы студенттер өтемақыны екінші және үшінші курстарда да ала алады.
Осылайша, студенттердің жатақханада тұру шығынын ішінара өтеуге қаржылай көмек бірнеше жыл бойы беріледі. Бұл шара әлеуметтік осал топтарға жататын студенттерді қолдауға бағытталған.
https://kaz.tengrinews.kz/