Адам денсаулығы мен күнделікті дағдыға қатысты пайдалы кеңес. Әсіресе түскі уақыттағы қысқа тынығудың маңызы бар. Мамандардың айтуынша, күндізгі ұйқы адамның сергіп, қалған күнін ширақ жалғастыруына ықпал етеді.
Дегенмен, түскі ұйқының да өз мөлшері бар. Дәрігерлер ең қолайлы уақытты 20–30 минут деп көрсетеді. Осындай қысқа тынығу ағзаға артық салмақ салмай, сергіп оянуға мүмкіндік береді.
Ал ұйқыны тым ұзартып жіберудің қажеті жоқ. Мамандар күндізгі демалысты 40 минуттан асырмаған жөн дейді. Өйткені ұзаққа созылған ұйқыдан кейін адамның бойын керісінше мең-зеңдік басып, сергектікке бірден оралуы қиындауы мүмкін.
Тағы бір ескеретін жайт – жастыққа бас қойған сәт пен ұйқының басталуын бір уақыт деп қабылдамау. Адамның ұйықтап кетуіне орта есеппен 10–15 минуттай уақыт қажет болуы мүмкін. Сондықтан демалыс уақытын жоспарлағанда осы аралықты да есепке алған дұрыс.