Мектеп формасын кимеген оқушылар жазалана ма

Мектеп формасын кимеген оқушылар жазалана ма

фото: pixabay.com

Оқушы мектеп формасына сай келмейтін киіммен келсе де оны сабаққа кіргізбеуге болмайды, алайда бұл үшін ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды 

Вице-министр "Білім туралы" заңға сәйкес баланы оқу процесінен алшақтатуға тыйым салынғанын еске салды.

"Бала сапалы білім алуға құқылы. Сондықтан оқушы мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін киіммен келсе де, оны мектепке кіргізбеуге болмайды", – деді Шынар Ақпарова.

Дегенмен, заңнама талаптарына сәйкес ата-аналар бекітілген мектеп формасының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

"Білім туралы" заңда оқушыларға қатысты 47-бап және ата-аналарға қатысты 49-бап бар. Ата-аналар білім беру ұйымы бекіткен форма талаптарын орындауы қажет. Бұл талаптарды бұзғаны үшін ата-аналарға 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Мақсатты мектеп

Фото: ЖИ

Мектептің ішкі тәртібін бұзып, белгіленген киім үлгісін сақтамаған баланың ата-анасына бірден айыппұл салынбайды. Алдымен ескерту жасалады. Егер талапты бұзу қайталанса, ата-анаға 5 АЕК көлемінде, яғни 21 625 теңге айыппұл салынуы мүмкін. Осылайша ата-аналарға баласының мектептің ішкі тәртібін сақтауын және бекітілген мектеп формасын киюін қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Алайда оқушының мектеп формасын кимеуіне нақты себеп болса, жағдай ескеріліп, алдымен түсіндіру және ескерту шаралары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, 1 қыркүйектен бастап 2-4 сыныптарда оқушылардың білімін бағалау тәсілі жаңарады. Оқу-ағарту министрлігі бұл өзгеріс балаларға түсетін оқу жүктемесін азайтып, мұғалімдердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді деп есептейді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институты директорының орынбасары Пернегүл Таубайдың айтуынша, жаңа жүйе аясында оқушылардың жазба жұмыстарының саны қысқарады.

«Бір жыл көлемінде бала 63 жазба жұмысын орындауы мүмкін. Қазіргі ұсынып отырған бағалау жүйесінде тоқсанына бір рет өткізілетін ТЖБ-ны алғаннан кейін бағалау баланың жылдық көлемінде барлық екінші сыныптағы пәндер аясында 20 жұмысқа дейін қысқарады», – деді ол. 

Жаңа тәртіп бойынша диктант, бақылау және мазмұндама жұмыстары аралық бағалаудың бір түрі ретінде өткізіледі. Бұл тапсырмаларды орындауға да көбірек уақыт беріледі. Егер бұрын оқушыларға 25 минут бөлінсе, енді олар жұмысты толық 45 минуттық сабақ барысында орындайды.

Министрлік жаңа бағалау тәсілі оқушылардың оқу жүктемесін жеңілдетіп қана қоймай, олардың білім нәтижесін неғұрлым объективті бағалауға мүмкіндік береді деп отыр.

 

Ақпарат Politico.kz, zhasalash.kz сайттарынан алынды. 

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите