Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдауды кезең-кезеңімен ұйымдастыру кестесін бекітті.
Құжат қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін барынша ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей жүгіну арқылы тапсыруға болады.
Өңірлер бойынша қабылдау мерзімдері төмендегідей:
27 мамыр – 31 тамыз:
Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.
10 маусым – 31 тамыз:
Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.
18 маусым – 31 тамыз:
Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.
29 маусым – 31 тамыз:
Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облысы.
https://kaz.inform.kz/