Қазақстанда 115 мың адам мобильді аударымдар бойынша лимиттен асып кеткен. Қаржы министрі Мәди Тәкиев осындай аударымдар жасаған азаматтарға хабарлама жіберілгенін мәлімдеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік жеке тұлғалардың аударымдары бойынша үш ай бойы 10 банкпен бірлесіп жұмыс атқарған. Нәтижесінде азаматтардың әрқайсысы ай сайын жалпы сомасы 1 миллион теңге болатын 100-ден астам аударым жасаған. Осындай 115 мың адамның аударымдарының жалпы сомасы 1 триллион теңгені құрады. Олардың дені жеке тұлғалар.
Министр сондай-ақ Қазақстанның резиденті емес 7800 адам да мобильді аударымдар алғанын айтты. Оларға қатысты бақылау күшейтілді.
Мәди Тәкиев, Қаржы министрі:
Барлығына хабарлама жіберілді. Мақсатымыз - жазалау емес, жағдайдың қалай болғаны туралы түсініктеме алу. Олардың арасында такси қызметін көрсететін жеке тұлғалар мен курьер көп. Мобильді аударымдарды қолданушылардан ақшаның қайдан келгенін, қайда аударылғанын сұраймыз. Бұған қоса, жеке кәсіпкерлер де бар. Олар 200 миллиард теңге аударды.
Айта кетсек, 2026 жылдың 15 сәуірінен бастап салық органдары кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін мобильді аударымдар туралы деректерді талдай бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Фото: pexels.com.
Қазақстан 2026 жылдың бірінші тоқсанында жиналған деректер негізінде мобильді аударым операцияларына аудит жүргізуді бастады.
Жыл басынан бері банктер салық органдарына тек белгіленген критерийлерге сәйкес келетін және іскерлік белсенділікті көрсететін операцияларды ғана ұсынып келеді.
Ақпаратты алғаннан кейін салық органдары аударымдарды талдай бастайды. Егер сұрақтар туындаса, азаматтарға қаражаттың шығу тегін түсіндіру немесе есептер ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілері бар операциялар мұқият тексерілуі мүмкін. Бұл бір адам айына 100 немесе одан да көп әртүрлі жіберушілерден үш ай қатарынан аударымдар алатын және жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан асатын жағдайларға қатысты, бұл 2026 жылы шамамен 1,1 миллион теңге.
Ақпарат qazaqstan.tv, Politico.kz. сайттарынан алынды.