Алакөл мен Қапшағайдағы қауіпсіздікті жасанды интеллект бақылайды

Алакөл мен Қапшағайдағы қауіпсіздікті жасанды интеллект бақылайды

фото: Pexels.com

Қазақстанның бірқатар су айдынында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Бұл жөнінде ОКҚ өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров айтты, деп жазды kaz.inform.kz. 

Спикердің айтуынша, жаңа жүйелер жағалау аймақтарындағы қауіпсіздікті күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында орнатылып жатыр.

Алакөл мен Қапшағайдағы қауіпсіздікті жасанды интеллект бақылайды — ТЖМ

Фото: ОКҚ

— Аталған жүйелер Алакөл көлінде, Қапшағай су қоймасында және Алматы қаласының су айдындарында орнатылды, — деді төраға орынбасары.

Министрлік өкілінің сөзінше, бейнебақылау жүйелері су айдындарындағы жағдайды бақылауға, қауіпті әрекеттерді дер кезінде анықтауға және құтқару қызметтерінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Жаңа жоба су айдындарындағы қайғылы жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді деп үміттенеміз. 

Биылғы шомылу маусымы басталғаннан бері ел бойынша су айдындарында 10 адам, оның жетеуі балалар, қаза тапты. 

Салыстыру үшін, өткен жылы судағы апаттар салдарынан 125 адам қаза тапты, деп жазды astanatv.kz. Сарапшылардың пікірінше, қайғылы оқиғалардың көпшілігі шомылуға тыйым салынған жерлерде болады. 

Қазақстанда шамамен 50 000 су айдыны болғанымен, олардың тек 733-інде ғана шомылуға рұқсат етілген. Соған қарамастан, көпшілігі қауіпсіздік ережелерін елемейді. 

Тек биыл ғана ереже бұзушыларға 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Материал kaz.inform.kz, astanatv.kz сайттарынан алынды. 

 

Подписаться