Жыл сайын 20 өзбекстандық Қазақстанда оқуға ниетті

Жыл сайын 20 өзбекстандық Қазақстанда оқуға ниетті

Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы жарияланды.

Құжатта көрсетілгендей, тараптар дамытуға мүдделі білім саласындағы басым бағыттар:

- студенттермен, оқытушы-профессор құрамымен, ғылыми қызметкерлермен алмасу;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету;

- оқытушылар мен мамандарды, ғылыми-педагогикалық кадрлар мен ғылыми қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

- бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.

Келісімге сәйкес, екі елдің жуапты ведомстволары өз білім алуышаларына тараптардың ЖОО-ларында өтетін конкурстар мен олимпиадаларға қатысуына мүмкіндік береді.

Тараптар жыл сайын баламалы негізде саны 20 адамға дейін білім алушылармен алмасуды жүзеге асырады, оның ішінде бакалавриат бағдарламалары бойынша – 14 адам және магистратура бағдарламалары бойынша – 6 адам.

«Қабылдаушы тарап білім алушыларды оқу құралдарын, ғылыми-техникалық құжаттаманы, зерттеу жабдығын пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатады. Сонымен қатар өз мемлекетінің азаматтарымен тең жағдайда, жоғары оқу орнының жатақханасында тұруын қамтамасыз етеді», - делінген құжатта.

Құажатты ашық талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото dcmu.uzkaznu.kz