фото: m.kolesa.kz
Заңсыз көмек ұсынатын делдалдардың жолын кесу мақсатында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәлігін алу процедуралары қатаңдатылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметіне мониторинг жүргізді. Бұған бірнеше жыл бойы көлік құралдарын заңсыз ресімдеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істер себеп болды.
Мониторинг барысында автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің шарттары анықталған.
Ақпараттық жүйелердің осалдығы, процестердің жеткіліксіз цифрландырылуы, көлікті тіркеу процедурасының жетілдірілмегендігі, емтихандарды қабылдаудағы құқықтық олқылықтар, автомектептерде атүсті оқыту – осы факторлардың барлығы заңсыз делдалдық қызметтердің пайда болуына ықпал еткен, - делінген Антикор мәліметінде.
Мониторинг нәтижелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың атына 22 ұсыныс жолдаған. Қазіргі таңда ұсыныстардың жартысынан көбі орындалған.
Мәселен, ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшелерінде автокөлік құралдарының дерекқор базасына түзету енгізу мүмкіндігін жапты.
Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәліктерін беру рәсімі күшейтілді. Онда емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесін видеотіркеу енгізілді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді.
Бұдан бөлек, пилоттық режимде автоХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Жүйеде автомобильдердің деректерін, міндетті төлемдер мен алымдарды, айыппұлдарды автоматты цифрлық салыстыру тетіктері көзделген, кез келген түзетулер үшін мүмкіндіктер алынып тасталды.
Осы ретте мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне жатқызу ұсынылды. Заң жобасы ҚР Парламентінде қаралуда. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды ресімдеуге көмек ұсынатын тұлғалар әлі де болуы мүмкін. «Көмекшілердің» заңсыз қызметтеріне жүгінбеуді сұраймыз. Осындай фактілерге тап болған жағдайда 1424 қысқа нөмірі бойынша Антикорға дереу хабарлау қажет, - деді Антикордан.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через