Еліміздің барлық қаласында жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны басталды.
Жергілікті жоғары оқу орындарының және ұлттық тестілеу орталығының негізінде құжаттар қабылданады.
Биыл жалпы магистратураға, докторантураға және бакалавриатқа 88 111 грант бөлінді.
Бұл былтырғымен салыстырғанда 16 пайызға көп. Олардың ішінде 73 мың грант бакалавриат бағдарламаларына арналған.
Биылғы басты ерекшелік, Президент тапсырмасы бойынша негізгі басымдық техникалық-инженерлік мамандықтарға берілген. Гранттардың 60 пайызы инженерлік, техникалық мамандықтарға бөлінді. Осы жылдан бастап осындай басымдық сақталады.
Құжат қабылдау науқаны бүкіл жоғары оқу орындарының негізінде ұйымдастырылған.
Кез келген азамат, талапкер құжаттарын өзі барып немесе онлайн қабылдау арқылы тапсыра алады. Ол үшін «Электронды үкімет» порталын пайдалану қажет.
Фото: kyzylorda-news.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через