фото: сурет әлеуметтік желіден алынды
Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, қалың тыңдарманның сүйікті әншісіне айналған «Жігіттер» квартетіне 20 жыл толып отыр.
Осы айтулы датаға орай қазақ сахнасының серілері 20 қазанда Алматыдағы Республика сарайында үлкен концерт береді.
Басталуы сағат 19.00
Бпайланыс нөмірі 8 705 763 73 14
"Жігіттер" - 2003 жылы Шымкент қаласында төрт жігіттен құралған квартет.
Шығармашылық топ ең алғаш 2003 жылыхалықаралық ән байқауында бақ сынап, өздерінің әншілік қырымен көзге түсіп, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған "Ерке қыз" әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы – Алматы қаласына келді.
Продюсер - Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келе жатыр.
Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов.
Осыдан 20 жыл бұрын үлкен сахнаға қадам басқан «Жігіттер» квартеті бүгінде бүкіл қазақ әндерін іздеп жүріп тыңдайтын топқа айналған. Алғаш «Ерке қызбен» шыққан бозбалалар – бүгінде бір-бір үйдің отағасы.
20 қазан. Алматы. Республика сарайы. Сағат 19.00.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через