Жердегілер алғашқы миллиардқа 1804 жылы жеткен. Ал 7 миллиард белгісі 2011 жылдың 31 қазанында тіркелген. Адамзат 11 жылдың ішінде тағы бір миллиардқа өсті.
БҰҰ-ның халық саны бойынша сарапшысы Сара Хертогтың айтуынша, жаһандық халық санының өсуі тарихтың табысы.
БҰҰ-ның жақында жасалған есебінде халық санының өсуі газ шығарындыларының көбеюінің және қоршаған ортаның бұзылуының негізгі көздерінің бірі ретінде аталды. Адам көбейген сайын, планетаның шектеулі биологиялық ресурстарына қысым да көбірек жасалуда.
“Климаттың өзгеруі, ауаның ластану, ормандардың жойылуы, таза су мен азық-түліктің жетіспеушілігіне біздің үнемі өсіп келе жатқан сандарымыз әсер етуде", - дейді британдық Population Matters басылымы.
Ең көп ресурстарды ең бай елдер тұтынады
Хертог бұл мәслені жер бетіндегі адам санының өсуін тоқтатумен шеше алмайтынымызды алға тартады. Сөзінше, бұл факторларға қоғамда табыс көзінің артуы да әсер етуде.
Global Footprint Network мәліметтері бойынша, егер планетаның әрбір тұрғыны АҚШ азаматтары сияқты өмір сүрсе, бізге кем дегенде бес планетаның ресурстары қажет болады. Нигерия азамататры сияқты өмір сүрсек, жыл сайын дүние жүзіндегі ресурстардың 70 пайызын ғана пайдаланамыз.1,3 миллиардтан астам халқы бар Үндістан үшін бұл көрсеткіш небәрі 80 пайызды құрайды.
БҰҰ 2050 жылға қарай жер шарындағы халық саны 9,7 миллиардқа, ал 2080 жылға қарай 10,4 миллиардқа жетеді деп болжауда. Тұрақты даму сарапшылары климаттық дағдарыстың шешімін басқа шаралар арқылы іздеу керек екенін айтады.
Дүниежүзілік ресурстар институтының жаһандық экономика директоры Ванесса Перес-Сирера әлемде 8 миллиардтық жер шарының халқын тамақтандыру үшін барлық ресурстар бар деп санайды.
Global Footprint Network, экологиялық үкіметтік емес ұйымның бағалауы бойынша, жер шарының қазіргі тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жыл сайын әлемдегі экологиялық ресурстардың 175 пайызы қажет.
Үнемдеу арқылы да жақсы өмір сүруге болады
Хельсинки университетінің тұтынушылық экономика профессоры және Германиядағы Тұрақты Еуропа ғылыми-зерттеу институтының төрағасы Сильвия Лорек барлығы біздің ресурстарды қалай бөлетінімізге байланысты екенін айтады.
Соңғы жылдары Лорек және басқа тұтынушылар өмір сүру деңгейі салыстырмалы түрде адамдар сапасын төмендетпей, қалай өмір сүретінін зерттеді. Біз қалай тамақтанамыз, қалай өмір сүреміз және қалай қозғаламыз деген сауал бойынша ғаламшарымыздың ресурстарын сақтау жолдарын қарастыра аламыз.
Жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынудан бас тартып, әуе, жол қатынастарын сирек қолдану, энергияны барынша үнемдеу ресурс жеткіліксіздігінің алдын алады.
Ғалымдар егер адамзат үнемдеу арқылы ресурстарды сақтаса, ғаламшардағы санның өсуі өмір сүру сапасына кедергі жасамайтынын айтады
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через