Жеңілдетілген автокредит көлікті қымбаттатып жібермей ме?

Жеңілдетілген автокредит көлікті қымбаттатып жібермей ме?

Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Макашева жеңілдетілген автокредит бағдарламасы елде көлік бағасына әсерін тигізбейтінін айтты.

"Жоқ, көлік бағасы өзгермейді. Себебі, оның құны жеңілдетілген автокредит бағарламасына байланбаған. Барлық көлік өндіруші мен қазақстандықтардың құқығы тең... Егер қандайда бір себепке байланысты көліктің бағасы көтерілсе, автосалон оны ескертеді. Автосалонға келген әрбір тұтынушы көлікті броньға қойған кезде оның бағасы мен басқа да ақпарат толық беріледі", - деді вице-президент елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпилов та нарықтағы көлік бағасы өзгеріссіз қалады деген пікірде.

"Жеңілдетілген автокредит халық арасында автомобильге деген сұранысты арттырып, көлік бағасын өсіріп жібермей ме? Жоқ. Автодиллерлер жағдайды пайаланып, көлікті қымбаттатып жіберсе, ол дұрыс емес. Бұл мәселе бақылауда. Сондықтан көлік бағасы жеңілдетілген автокредит бағарламасына қатысты емес. Өйткені, аталған бағдарламаға бөлінген жалпы қаражат елде шығарылатын барлық көліктің тек 10% тең. Сондықтан автодиллерлер көлік бағасын өсіре алмайды", - деді директор.

Бүгін елде жеңілдетілген кредит беру басталды.

Жеңілдетілген автокөлік несиесі: автосалондарда көлік жоқ, бірақ кезек күткендер қарасы көп

Бағдарламаның ұйымдастырылу сапасына халықтың көңілі толмай отыр. 

16 мамырда Қазақстанда 4%-бен жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. Inbusiness.kz тілшілері процестің қалай ұйымдастырылғанын өз көздерімен көру үшін елорданың түрлі автосалондарын аралап көрді.  

 Орталықтар ашылмай тұрып-ақ ұзын сонар кезектер қалыптаса бастады.  Әңгіме Тұран даңғылы бойындағы, сондай-ақ елорданың басқа да ірі автосалондары туралы болып отыр.  Атап айтқанда, біз Chevrolet, KIA, Lada, JAC, Hyundai автокөліктерін сатуға маманданған орталықтар туралы айтып отырмыз.

Орта есеппен әрбір автосалонда 25-50 адамнан кезек күтіп тұрды. 

Жұрт “елде көлік тапшылығы бар” дегенді айтып жатыр. 

Айтпақшы, бағдарламаның шарты бойынша несие көлік болған жағдайда ғана беріледі. Байқағанымыздай, салондар белгіленген уақытта ашылды, бірақ кейбірінде банк өкілдері болмады. Ал бұл халықтың наразылығын тудырды. Өкініштісі көлік тапшылығы туралық ақпарат расталғандай. Себебі сату менеджерлері автолардың келесі партияны 3-4 айдан кейін ғана келетінін айтты.

Жеңілдетілген бағдарлама бойынша темір тұлпар тізгіндеуді жоспарлағандар көліктер тек каталогтардан қарай алады, бірақ олардың қашан келетінін және қазіргі бағамен қолжетімді бола ма?

Бұл сұраққа ешкім нақты жауап айта алмады. Осылайша жаңа жобаның жүзеге асырылуына көңілі толмаған сатып алушылар жарты сағаттан кейін автосалондардан кете бастады.  

Айта кететіні, сату орталықтарының өзінде сауданы ұйымдастыру процесі де дұрыс ұйымдастырылмаған.  

Кезектің өзі бірнеше қатарға бөлінген. Сондықтан сатып алушылар арасында түсініспеушіліктер көп. Автосалондардағы банктердің несие менеджерлері де inbusiness.kz тілшісіне бағдарлама бойынша толық ақпараттың жоқ екенін жеткізді. 

Фото: alau.kzparyz.kz