фото: gov.kz
Қазақтан шыққан ағартушы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, этнограф, аудармашы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Шын есімі — Ибраһим.
Тұңғыш ағартушы өмірінің жиырма бес жылын оқыту, мектеп ашу, оқулықтар жазу ісіне арнады.
Ыбырай Алтынсариннің Қостанай өңірінде салдырған мектептерінде Алаштың ғұламалары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы оқыған, "Алашорда" дүниеге келген.
Ағартушы қазақ даласында қыз балалардың білім алуына бірінші болып ықпал жасаған.
Осылайша 1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашылды. Қазақ халқының сауатын ашып, білім нәрімен сусындатқан Ыбырай Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде, 48 жасында "Инспектор көлі" жағасындағы үйінде ұзаққа созылған өкпе дертінен қайтыс болды.
Бүгінгі қазақ жастары Ыбырай Алтынсаринді қаншалықты білетінін зерттеп көрген едік.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через