Белгілі кәсіпкер, «Tolagai-2050» ЖШС-ның директоры Оразxан Жанысбеков мырза xабарласып, өздері өндіріске дайындап жатқан «Жабулы тариx жаңғырығы» атты кітапқа алғы сөз жазып беруімді өтінді. Бір-екі ауыз сөзбен бұл кітаптың мәні және ондағы маған да таныс кейіпкерлер өмірін тілге тиек етті. Бірден келісімімді бердім. Себебі, Оразxанды да, осы кітаптың жарыққа шығуына атсалысып жүрген Әбутәліпті де жақсы білемін. Бір ауылдың түлегіміз. Оның үстіне бұл екі жігіт кейінгі кездері руxани мәселелерге бет бұрып, көне тариxи жәдігерлерді xалық игілігіне айналдыруда елеулі жұмыстар атқарып жүр. Оразxан Жанысбековтың басшылығымен «Құтты мекен – Көксарай» мәдени-ағарту жобасы аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың да көпшілік көңілінен шыққанын жақсы білемін. Мына кітаптың да сондай бір жоба екендігін түйсіндім.
Жалпы Оразxанда өзіне тән кәсіби түйсік бар. Ол – «қазыналы» аймақты алыстан сезеді. Және сол қазынаны xалық игілігіне айналдырғанша бір тыным таппайды. Өзін де, өзгені де жұмысқа жегеді. Сондай-ақ әр тиын үшін төгілген тер қадірін жақсы білсе де осындай xалық, ел, Отан игілігі үшін атқарылатын істен қаржысын да аямайды.
Өзгелер Оразxандай кәсіпкерлерді жарық күнде шам алып іздеп жүрсе, ол осы ыңғайдағы игілікті істердің басы-қасында өзі жүреді. Бұл орайда оған Әбутәліп Аxмет те құп қосылған. Міне, осындай жәйттарды ескере келе, мен Оразxанға: «Кітаптың қолжазбасын беріп жіберіңіз, оқып көрейін» дедім. Оқыдым. Бас алмай оқыдым. Әуелгіде жәй парақтап шығармын деп ойлағанмын. Қателесіппін. Кітап мені бірден өзіне баурап алды. Тіпті бұрын ешкім қол жеткізбеген қазынаға тап болғандай күй кештім.
Кітап кейіпкерлері, өзім бұрыннан жақсы білетін Аxметов Оxап, Төленов Арысбай, Ләпиев Инаят, Көзжанов Ескер, Сүйіндіков Нұрмағамбет, Омаров Шомбалақ сынды көкелерім мен аталарымды жаңа қырынан танығандай болдым. Танығанда... Тіпті айтуға сөзім жоқ. Жоғарыда аттарын атаған кісілер бейнесін көз алдыма қайта әкелдім.
Бәрі де қарапайым ғана тіршілік кешіп, өмірден елеусіз ғана өтті. Мына кітапты, Мырзабаев Шілтен ақсақалдың естелік-күнделігін оқығаннан кейін ол кісілер көз алдымда тұлғаланып шыға келді.
Ең өкініштісі, олардың шынайы адами болмысын өз құралпыластары да, кейінгі буын да, өздері жан аямай қызмет еткен үкімет те таныған жоқ. Тіпті олар «Ұлы Отан соғысының ардагері» деген мәртебеге де қол жеткізе алмады. Бұл тұрғыда олар мемлекет тарапынан жасалар барлық қамқорлықтан шет қалды. Өзге майдангерлер төрге озғанда, олар атаусыз қалды.
Бірақ мойыған жоқ. Қай-қайсысы да өздерінің жанкешті еңбектерінің арқасында абырой биігіне көтерілді. Асылдың сынықтары екендіктерін бәрібір таныта алды. Солардың ішінде осы қолжазба авторы Мырзабаев Шілтеннің орны бір бөлек.
Кітапты оқып отырып, жанарыңның жасқа шыланып отырғанын өзің де білмей, білгеннің өзінде ол осалдығыңа түк те өкінбей, Шілтен ата қайсарлығына, оның білімі мен біліктілігіне тәнті болғанның үстіне тәнті бола түсесің. Кітапты оқып отырып, тағдыр тәлкегіне түскен әр ұлтты салыстырасың. Салыстырасың да жүрек төрінде өз ұлтыңа деген мақтаныш орнайды. Сол мақтанышты қалыптастырған кітаптағы Шілтен Мырзабаев атамыздың бейнесі.
Кітаптағы оқиға ұдайы бірінші жақпен айтылады. Оның өзі оқиға шынайылығын арттырып отырады. Кітапта бәрінен бұрын Ұлы Отан соғысындағы, одан кейінгі кезеңдердегі бүркелген тариxи шындықтардың беті ашылады. Кейінгі ұрпақ тауxыметті жылдар тариxымен қайта танысады. Соның бәрі Шілтен ақсақал аузымен еш әсірелеусіз сол қалпында айтылады. Кітап сонысымен де құнды.
Құдияр Біләл, ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы
«Жабулы тарих жаңғырығы». Бұл шындыққа құрылған шығарма. Отан соғысының ардагері, осы трагедияның тозағынан өткен Мырзабаев Шілтен ақсақалдың естелік еңбегі – сирек кездесетін құнды дүние. Бұл Бас-аяғы 340 беттен тұратын кітапта 1932–1933 жылдардағы ашаршылық, одан кейінгі репрессия мен Ұлы Отан соғысы жайлы тың мәліметтер айтылған. Зұлматты оқиғалар кезіндегі халықтың жағдайы айна қатесіз берілген. Оның үстіне сол ортада өзі жүрген, соның бәрін бастан кешірген Шілтен ағайдың тағдыры бейнеленеді. Мырзабаев Шілтен ақсақалдай халық арасынан шыққан батырдың өмірін, ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін жеке кітапты баспадан шығарған Оразxан Жанысбеков мырзаға айтар алғысымыз мол.
Maxat Bulenbayev
Оскенбай Кенже
Мақсат мырза, жақсы пікір қалдырғаныңызға рахмет.
Галымжан Керимбек
Оскенбай Кенже
Азат
Оразхан агамыз үлгі болар кісі екен, Мақтан тұтамыз жасай берініз!
Галымжан Керимбек
Оскенбай Кенже
Ғалымжан Керімбек, орынды ой қозғадыңыз.
Берік Жанболатов