Биылғы жылдың көктемінде Токио Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті жазғы ойындар пандемияға байланысты шетелдік көрерменсіз өтетінін ресми мәлімдегені бәріміздің есімізде.
Жапонияның ұйымдастыру комитетінің президенті Сейко Хашимото баспасөз мәслихатында әлемдегі қазіргі жағдай мен елдің медициналық жүйесіне ауыртпалық түсірмес үшін осындай шешім қабылданған болатын. Сондықтан 23 шілдеде Жапония астанасы Токиода басталатын Олимпиада ойындары көрерменсіз өтеді. Бұл туралы өлкенің Олимпиада істері бойынша министрі Тамаё Марукава мәлімдеді.
Оның сөзінше, мұндай шешім коронавирустың "дельта" деп аталатын жаңа штамының жайылуына байланысты қабылданған.
"Көрермендер бас қаланың сыртында өтетін бірқатар жарыстарға кіргізілуі мүмкін. Ол бойынша шешімді аймақ билігі қабылдайды" деді министр.
Осыған дейін жапон үкіметі ойындардың ашылу салтанатын көрерменсіз өткізу және жарыстарға он мыңнан аспайтын жергілікті тұрғындарды кіргізу жөнінде шешім қабылдаған.
Былтыр коронавирус пандемиясынан кейінге шегерілген Олимпиада ойындары биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін болды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через