Жаңғақ жеген пайдалы

Жаңғақ  жеген пайдалы

                Америка ғалымдары жаңғақ жеген жанның жүрегі мен қан тамыр ауруымен ауырмайтынын айтады. Орта жастан асқан  егде адамдар үшін бұл дәннің ағзаға пайдасы өте зор екен.  Мамандардың айтуынша, күніне он шақты жаңғақ жеп тұрған дұрыс. Жалғыз грек жаңғағы емес, кез-келген жаңғақтың адам ағзасына берер әсері көп.  

                Зерттеушілер  жаңғақтың қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығун жояды. Тіпті шамамен ол ауру түрін 20 пайызға төмендететінін мәлімдеді. Мысалы  120 мың адамға  зерттеу жүргізіп көрген  ғалымдар ұзақ уақыт бойы бақылау жүргізіп көрген. Олар мынадай деректерді келтірді: аптасына екі мәрте  жаңғақ  қолданған  адамның қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қауіпі 13 пайызға, ал жетісіне жетеуден  көп жеген адамдікі 20 пайызға төмендейді.

                Негізі  жаңғақты жиі жеген жанның қанында  холестерин мөлшері мен қан қысымы төмен болады.