Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер министрден жаңа оқу жылында коронавирустың таралуына қатысты шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы сұрады.
«Мектеп оқушыларын оқыту тәртібі немесе оқу орындарындағы карантинге қатысты мәселелерді оқу жылы басталуға жақындағанда қарастыратын боламыз. Сондықтан қазір балаларды оқыту мәселесі жайында нақты тұжырым айту ертерек деп ойлаймын. Осы орайда алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдай бойынша және қабылданған шаралар жөнінде тұрақты түрде ақпарат таратамыз», - деді А. Ғиният.
Бұдан бұрын хабарланғандай, әлемде сырқаттану деңгейінің өсуімен қатар, Қазақстанда да 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясына шалдығу деңгейі өсті.
Фото: zakon.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через