ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсыныстар әзірледі. Осыған сәйкес өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдардың білім басқармалары оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аударып, бақылауы қажет. Барлық мектептерде қызметкерлер мен білім алушылардың температурасын өлшеу, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кабинеттердің ауасын зарарсыздандыру (кварцтау) және дезинфекциялау шараларын жүргізу керек. Білім беру ұйымдары дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жалғасып жатқан шектеу шаралары кезінде оқу орындарының сыйымдылық қуаты мен білім алушылардың санына қарай ауысым мен жұмыс режимін алдын ала анықтап, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, оқу процесін ұйымдастыру маңызды.
Әкімдіктердің білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері балалардың дәліздер мен буфеттерде жиналуын болдырмау үшін үзілістерді әртүрлі уақытта өткізуді ұйымдастыруы қажет. Сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлер арасында маска тағу режимін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бір сынып бір кабинетте оқуы тиіс.
Айта кетиу керек 1 қыркүйекте 3,5 млн-нан астам бала үшін 7 475 мектеп ашу жоспарланған. Қазір мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың барысын әкімдіктердің білім басқармалары бақылайды. Барлық білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары аяқталады, соның ішінде 263 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через