фото: Facebook/SaumalNEO
Алматы облысы прокуратурасы интернет желісінде, соның ішінде танымал блогерлер, спортшылар және әртістердің парақшасында биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттерін асыра сілтеп көрсететін жарнама таратылғанын анықтады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мысалы, желіде NEOSAUMAL, SAUMAL сублиматтау әдісімен құрғатылған бие сүті қант диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдейтін бірегей өнім ретінде белсенді жарнамаланып жатыр.
Елдің шағымын назарға ала отырып облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өнім жарнамасының рас-өтірігін тексерді.
SAUMAL тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде жалпы нығайтушы, имундық ынталандырушы, тыныштандырғыш өнім ретінде тіркелгені анықталды.
Басқаша айтқанда, дәрілік қасиеті жоқ және жарнамада көрсетілген ауруларды емдеуге шамасы келмейді.
Денсаулық кодексінің 56-бабының 2-бөлігіне сәйкес биологиялық белсенді қоспаның жарнамасы анық, арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, тұтынушы сенімін теріс пайдалану арқылы оларды жаңылыстырмауға тиіс.
Көрсетілген кодексте биологиялық белсенді қоспаларды бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді ретінде ұсынуға тыйым салынған.
Осылайша компания азаматтардың сенімін теріс пайдалана қоймай, көрінеу жалған жарнама тарату арқылы әкімшілік құқық бұзған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через